Ата-аналарға арналған консультациялық пункті ұйымдастырудың формалары:жеке және толық түрде жүргізіліп,педагогикалық медициналық-сауықтыру,психологиялық бағытты қамтиды.Егер сіздің балаңыз шағын орталыққа келмесе сізде баланы тәрбиелеу мен дамытуға байланысты сұрақтар туындаса біздің консультативті пункт мамандарынан көмек ала аласыздар.
Консультативті пунктке жазылу тегін
Телефон 98-5-19
Консультативтік пункттің негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға кәсіби көмек беру. Мұнда сіз психолог,тәрбиеші және басқа да мамандардың кеңестерін ала аласыз.
Біз сіздерге:
* бала тәрбиесі бойынша кеңестер;
* баланың сөйлеу және ойлау қабілетін дамыту жолдары;
* балабақшаға бейімделу мәселелері;
* мектепке даярлау бойынша ұсыныстар;
* ойын арқылы оқыту әдістері туралы пайдалы ақпарат ұсынамыз.
Біздің міндетіміз – отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, әр баланың бақытты әрі табысты өсуіне көмектесу



